×

Мәскеуде Ленин мавзолейін өртегісі келген адам ұсталды

Құқық қорғау органдары тәртіп бұзушыны тез арада ұстады

 Дастан Жұмабекұлы 18.07.2023 | 17:32
Фото: ашық дереккөз

Мәскеуде Ленин мавзолейін өртеп жібергісі келген адам ұсталды.

ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқиға кеше Астана уақытымен түнгі сағат 01:00 шамасында болған. Ер адам Ленин мавзолейіне жанғыш қоспасы бар бөтелкені лақтырған.

Өрт болған жоқ. Құқық қорғау органдары тәртіп бұзушыны тез арада ұстады, – делінген хабарламада.

Бұл оқиғаны агенттіктің тілшісіне Қызыл алаңда куә болған адамның бірі айтып берген. Оның айтуынша, ер адамға қатысты «полиция қызметкерінің заңды бұйрығына бағынбау» бабы бойынша хаттама толтырылды. Сонымен бірге «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.

Мавзолейге зақым келмеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама