×

Көлік полициясы Жамбыл облысындағы ірі рельс ұрлығын жасырып келген

Қолданыстағы теміржол желілерінің 5 мыңнан аса «ФОССЛО» бекіткіштері қолды болған

 Динара Амантай 18.07.2023 | 12:40
Фото: azh.kz

Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Көліктегі полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, өзіндік қауіпсіздік басқармалары темір жолдардың жай-күйін жақсартуға арналған материалдарды ұрлауды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Қарағанды бөлімшесінде мұндай тауарларды аса ірі көлемде иемдену фактісімен қатар, Жамбыл өңірінде адамдардар тобымен жасалған тағы бір ұрлық анықталды. Бұл учаскеде жалпы сомасы 5 млн теңгеден аса шығынмен барлығы 17 эпизод тіркелген.

Тергеу мәліметінше, осы тізімдегі 13 ұрлықты «Тараз» станциясындағы көліктегі полицияның лауазымды тұлғалары есепке алудан жалтарған.

Көбінесе қолданыстағы теміржол желілерінің 5 мыңнан аса «ФОССЛО» бекіткіштері ұрланған. Бұл негізгі бөлшектер рельстерді мықтап бекітуге және жоғары жылдамдықты қозғалыстың қауіпсіздігін қамамасыз етуге арналған.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама