×

«42 градус ыстық»: 18 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

 Халық үні 18.07.2023 | 07:45
ашық дереккөзден

Қазгидромет Қазақстан өңірлерінде 18 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады..

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр болады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Тек республиканың шығысында күн райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде еліміздің солтүстігінде шаңды дауыл, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Ақмола, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, Ұлытау, Абай Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-41°с қатты ыстық сақаталады, Алматы облысының орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында өте қатты ыстық (42°С) күтіледі.

Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама