×

Астанада шетелдік азамат жатақханадағы заттарды ұрлаған (ВИДЕО)

Күдікті телефон мен күнбағыс майын қолды қылған

 Дастан Жұмабекұлы 17.07.2023 | 17:49
Фото: polisia.kz

Астанада шетел азаматы жатақхана бөлмесінен ыдыстағы күнбағыс майы мен телефонды ұрлап кеткен. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, Алматы ауданы полиция басқармасының жедел уәкілдері ұрлық жасады деген күдікпен Өзбекстан Республикасының 32 жастағы азаматын анықтады. Шетел азаматы күндіз Аманат көшесіндегі жатақханаға кіріп, бөлмелерді аралай бастаған. Бір бөлменің есігі ашық екенін көріп, комнатаға кірген. Сөйтіп, ол күнбағыс майы құйылған бөтелке мен OРРO  телефонын алып бөлмеден шығып кеткен.

Астананың полицейлері күдіктіні жүрген дерін анықтап, көп ұзамай ұстаған. Одан ұрланған заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция оның бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама