×

Абай облысындағы құрғақ шөп өрті басылды

Өрт аумағы – 3 мың гектар

 Динара Амантай 17.07.2023 | 10:58
Фото: Абай обл. ТЖД баспасөз қызметі

Бүгін сағат 07:14 шамасында Көкентау ауылдық округінде құрғақ шөптің жануы басылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт аумағы – 3 мың гектар. Қазір толықтай сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Өртті жоюға жергілікті атқарушы органдардың, Абай облысы ТЖД және 68303 әскери бөлімінің күштері мен құралдары – барлығы 115 адам және 18 техника жұмылдырылды.

Еске сала кетсек, 15 шілдеде «101» пультіне Семей қаласынан 75 шақырым жерде Көкентау ауылдық округінде таулы жерлерде құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама түскен болатын.

Өткен тәулікте Абай облысында 5 дала өрті және 5 құрғақ шөптің жануы тіркелді. 4 дала өрті мен 5 құрғақ шөптің жануы толығымен жойылып, 1 дала өрті оқшауланды.
 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама