×

Жамбыл облысында пойыз вагондары жолдан шығып кетті

Бұл жағдай жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне әсер етті

 Еркеғали Болатұлы 17.07.2023 | 10:35
фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысындағы Аспара станциясындағы жүк вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Компанияның мәліметінше, жүк вагондары жолдан бүгін сағат 01:05-те Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара станциясында шығып кеткен. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аталған жағдай жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне әсер етті. Барлық пойыз ауыз сумен қамтамасыз етілген, вагон-мейрамханалар жұмыс істеп тұр, - делінген компания хабарламасында.

Болған жағдайдың себептерін анықтау үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ында арнайы комиссиясы құрылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама