×

Даниал Рахматуллаев әлемдегі үздік 200 жас теннисшінің қатарына қосылды

Ерасыл Ерділдә ТОП-100-ге жақындап қалды. Қазір ол 150-сатыда тұр

 Дастан Жұмабекұлы 14.07.2023 | 16:41
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жас және одан кішілер арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті.

Теннисші Даниал Рахматуллаев Ирандағы екі бірдей жарыста жеңімпаз атанып, 284-тен бірден 189-орынға көтерілді. Сөйтіп, ол әлемдегі үздік 200 жасөспірім теннисшінің қатарына кірді.

Ерасыл Ерділдә ТОП-100-ге жақындап қалды. Қазір ол 150-сатыда тұр. Сондай-ақ Максим Батютенко – 176, Виталий Зацепин – 235, Әмір Омарханов – 265, Ілияс Маратұлы – 273, Данир Қалдыбеков – 391, Жақас Қозыбақ 442-орынға жайғасты. Заңғар Нұрланұлы 637-ден 537-орынға көтерілді.

Қыздар арасында Асылжан Арыстанбекова – 141, Сандуғаш Кенжебаева – 156, Дана Байдәулет – 176, Айя Нұпбай – 193, Ульяна Романова – 403, Полина Слепцова – 447, Іңкәр Дүйсебай – 477, Дильназ Машабаева 498-орында келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама