×

16 шілдеде бірқатар ақпараттық жүйе жұмыс істемейді

Электр жабдықтарында профилактикалық жұмыстар жүргізіледі

 Дәурен Ерболат 14.07.2023 | 15:45
Фото: trend.az

Осы жексенбіде Қазақстанда бірқатар ақпараттық жүйе жұмыс істемейді, деп хабарлады МКК.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, биыл 16 шілдеде Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін электр беру жабдықтарында профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты комитетке қарасты мына ақпараттық жүйелер жұмыс істемейді:

  • e-Salyq Business;
  • e-Salyq Azamat;
  • Web-портал;
  • Салық төлеушінің кабинеті;
  • Е-терезе;
  • ЭШФ;
  • ОБДШ;
  • АСТАНА-1;
  • Мемлекеттік мекемелермен интеграциялар «ЭҮШ» және «СЭҮШ» арқылы сыртқы (интернет) контуры.

  МКК қолайсыздықтар үшін қазақстандықтардан кешірім сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама