×

Жеңілдетілген автонесиелеуді қаржыландыру тетігі бәсекелестікті шектеп тастаған

Қаржыландырудағы кемшілік көлік бағасының өсуіне әкелді

 Динара Амантай 14.07.2023 | 15:29
Коллаж: БҚДА баспасөз қызметі

Жеңілдетілген автонесиелеуді қаржыландыру тетігі бәсекелестікті шектеген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, жүргізілген талдау аясында 2020, 2021 жылдар мен 2022 жылғы 9 ай кезеңіндегі автокредиттеу қызметтерінің нарығы жоғары шоғырланғанын, онда 16 кредиттік ұйымның қызметін іске асыратынын анықтаған. Бұл ретте нарықтық үлестің 70%-ы «Еуразиялық Банк» АҚ, «Банк Центр Кредит» АҚ және «Kaspi Bank» АҚ-ға тиесілі.

2022 жылы жеңілдікті автонесиелеу бағдарламасына қатысу есебінен «Еуразиялық Банк» АҚ және «Банк Центр Кредит» АҚ-да автонесиелер көлемінің өсуі байқалады (ЖТСМ шегі — 7,5%).

Жеңілдікті бағдарламадан тыс берілген автонесиелердің ең көп көлемі қайталама нарықта автонесиелеумен айналысатын «Kaspi Bank» АҚ-ға тиесілі, оның ішінде «Колеса» цифрлық платформасы арқылы.

Сонымен қатар, коммерциялық сегментте жоғары пайыздық мөлшерлемелер көлемі - 33% (ЖТСМ шегі – 40%), кредиттік және сақтандыру ұйымдарын таңу іс-әрекеттері байқалады.

2022 жылы жеңілдетілген автонесиелеу шеңберінде қаржыландыру тетігін зерделеу автомобиль өндірушілер арасында да, бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банктер арасында да бәсекелестіктің шектелуін көрсетті.

Осылайша, Үкіметтің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 Қаулысы негізінде қаржыландыру көлемін (100 млрд теңге) автоөндірушілер өзара бөлген (Өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдері комиссиясының 2022 жылғы 13 мамырдағы Хаттамасы). Содан соң, осындай бөлуді әкімшілендіру мақсатында өнеркәсіптік дамуды дамыту қоры көрсетілген көлемді екінші деңгейдегі 4 банкке бөле отырып, олардың әрқайсысына әрбір өндіруші үшін қаржыландыру лимиттерін (қарыздар сомасының шектерін) белгіледі.

Жалпы алғанда, жеңілдетілген автонесиелеуді қаржыландыру халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін отандық құрастырылған автомобильдердің қажетті санымен алдын ала қамтамасыз етусіз іске асырылғанын атап өткен жөн. Бұл өз кезегінде автомобильдер бағасының өсуіне түрткі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама