×

Астана көшелеріндегі бірнеше жол жабылатын болды

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан көлік кептелісін азайту үшін маршрутты алдын ала жоспарлау сұралды

 Еркеғали Болатұлы 14.07.2023 | 14:46
фото: ашық дереккөз

Астанада бірнеше күнге жол учаскелері жөндеуге жабылды. Жақын арада тағы бірнеше учаскені жабу жоспарланған. Бұл туралы қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы хабарлады.

Қорғалжын тасжолы мен Шыңғыс Айтматов көшесі қиылысында оң жақтан қосылатын жолдарды орташа жөндеу жоспарланған. Осыған байланысты 14-17 шілде аралығында аталған аумақта көліктер қозғалысы толығымен жабылады.

Керей, Жәнібек хандар көшелерінің бойында Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі жолды орташа жөндеу жоспарланған. Осыған байланысты 15-19 шілде аралығында аталған учаскеде көліктер қозғалысы толығымен жабылады.

Сондай-ақ 15 шілдеге дейін Қабанбай батыр даңғылының бойындағы Қорғалжын тасжолынан Сарайшық көшесіне дейінгі учаске жабылады.

16 шілдеге дейін Кенесары көшесінің бойымен Янушкевич көшесінен Брусиловский көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы шектеледі.

20 шілдеге дейін Арай көшесінің бойындағы Жауқазын көшесінен Ғарышкерлер көшесіне дейінгі учаске толығымен жабылады.

Тұлпар көпірінде де жол бөлігін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көпірдегі көлік қозғалысын ішінара жабу 3 тамызға дейін жалғасады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан көлік кептелісін азайту үшін маршрутты алдын ала жоспарлау сұралды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама