×

Конференция лигасы: «Тобыл» алғашқы матчта жеңіске жетті

Келесі матч 20 шілдеде болады

 Дастан Жұмабекұлы 14.07.2023 | 11:40
Фото: fctobol.kz

УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу сатысында Қостанайдың «Тобыл» клубы өз алаңында Финляндияның «Хонка» командасымен кездесіп, қарсыластарын 2:1 есебімен ұтты.  

Бірінші таймда Суоми елінің өкілдері есеп ашты. Ойынның 39-минутында Лукас Кауфманн 39-минутта нысананы дәл көздеп, командасын алға шығарды. Екінші таймда «Тобылдың» ойыншысы Мильян Вукадинович 62-минутта есепті теңестірді. Дубль мергендік танытты. Екі команда арасындағы келесі матч 20 шілдеге белгіленген. Одан кейін ол араға 13 минуттай уақыт салып, тағы бір голдың авторы атанды.

Енді «Астана» Вантаа қаласына барып, «Хонкамен» тағы ойнайды. Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңімпаз команда Конференция лигасының екінші іріктеу сатысында Швейцарияның «Базель» клубымен ойнайды. Бұл матч  27 шілде және 3 тамызда болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама