×

Бурабайда найзағай түсуі салдарынан биылдыққа 9-шы өрт шықты

Мұнда жыл басынан бері 14 табиғи өрт тіркелген

 Еркеғали Болатұлы 13.07.2023 | 17:21
фото: Marcio Jose Sanchez

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бүгін Темнобор орман шаруашылығының аумағында 0,001 га алқапта табиғи өрт болғанын мәлімдеді. Өрттің себебі – найзағай разряды.

Ормандағы өрттердің бейнемониторинг камералары осы телімде сағат 11:00-де түтінденуді тіркеді. Өртті сөндіру сағат 11:15-те басталып, жануды тоқтату және өрттің қайта басталуына жол бермеу шаралары жүргізілді, - делінген хабарламада.

Оны сөндіруге 1 тікұшақ, 1 өрт сөндіру машинасы және 8 адам қатысты.

«Айта кетсек, жыл басынан бері 14 табиғи өрттің 9-ы найзағай разрядының салдарынан болды», - деп түсіндірді парк әкімшілігі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама