×

Қаржы пирамидасын құрған күдіктілер ұсталды

«World Money» компаниясының өкілдері тергеле бастады

 Дастан Жұмабекұлы 13.07.2023 | 15:45
Фото: Halyq Uni

Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «World Money» компаниясының өкілдерін тергеуді бастады. Компанияның өкілдері қаржылық пирамида құрған деген күдікпен айыпталып жатыр.

Компанияның міндетті шарттарының бірі 21 мыңнан 53 мың теңгеге дейінгі қаражатты төлеп, басқа қатысушыларды, соның ішінде WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы тарту болды.

2023 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін қаржы пирамидасына 130 адам тартылған.

Аумақтық департамент облыстық прокуратураның үйлестіруімен компанияның қызметін ерте бастапқы кезеңде тоқтатып, алданған салымшылардың санын азайтуға мүмкіндік берді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қаржы мониторинг агенттігі халықты осындай алаяқтарға алданып қалмауға шақырады.

Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша экономикалық тергеу департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз, – делінген хабарламада.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама