×

Балалар омбудсмені Бейбіт Шүменовті тағы бір бап бойынша жауапқа тартуды талап етті

Ол заңға тиісті өзгерістер енгізуді ұсынбақ

 Дәурен Ерболат 13.07.2023 | 13:13
Фото: Instagram.com/zakiyevadinara

Қазақстандағы Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиева кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовті тағы бір бап бойынша қылмыстық жауапқа тартуды ұсынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Омбудсмен боксшы өз іс-әрекетімен жәбірленушінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін ескеріп, Ішкі істер министрлігіне жүгінген. Оның пікірінше, Бейбіт Шүменовті қылмыстық жауапкершілікке тарту керек.

«Балаға қауіп төнгені әлеуметтік желілерде жарияланған бейне кадрлармен расталады. Сондықтан тұлғаны (кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовті – автор) қосымша Қылмыстық кодекстің 115-бабы бойынша («Қорқыту») жауапқа тарту керек деп ойлаймын. Қолданыстағы заңнамада баланың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайда адамды жауапқа тартуды көздейтін бап жоқ, - деп жазды Динара Закиева Facebook-тегі парақшасында.

Ол балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға дайындалған өзгерістер блогына тиісті ұсыныс енгізетінін атап өтті.

Жалпы, кез келген жағдайда біз, ересектер, балалар туралы ойлауымыз керек деп санаймын, - деді омбудсмен.

Айта кетейік, оқиға 18 маусымда Астанада болған. Танымал боксшы ойын-сауық орталығында жанжал шығарып, қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан еді.

Сондай-ақ боксшыны жауапқа тартпаған полицейдің жазаланатыны да хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама