×

Сарыағашта Қазақстан азаматтығын алып беремін деген алаяқ анықталды

Өзбекстаннан келген әйелді алдаған оның танысы болып шықты

 Дастан Жұмабекұлы 13.07.2023 | 12:17
Фото: Halyq Uni

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арыз жазып, өзін Қазақстан азаматтығын алып беремін деген танысының алдап кеткенін айтты.

Әйел адамның айтуынша, Өзбекстан елінен Қазақстан жеріне көшіп келген кезде өзінің танысы оған Қазақстан азаматтығын алып беремін деп уәде беріп, алаяқтық жолмен 300 мың теңгесін жымқырған.

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары алаяқты іздестіріп, танысын алдап кеткен адамды анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Күдікті ер адам шетелден қоныс аударған жәбірленушіні төлқұжатын заңдастырып беремін деп алдап, ақшасын жаратып жіберген.

Қазір күдіктіге қатысты тергеу ісі жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама