×

БҰҰ Құран кітабын өртеуді айыптайтын қаулы қабылдады

Бұл қаулыны 28 ел өкілі қолдады

 Халық үні 13.07.2023 | 07:24
Фото: Getty Images

Біріккен Ұлттар Ұйымы Құранның өртенуін айыптайтын қаулы қабылдады, деп хабарлайды informburo.kz. 

Бұл туралы ұйым хабарлаған.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Құранды қорлау үшін жасалған қоғамдық әрі қасақана әрекеттерді айыптайды және мұндай дінге қарсы жауыздық үшін кінәлілерді Халықаралық адам құқықтарынан туындайтын мемлекеттердің міндеттемелеріне сәйкес жауапқа тарту қажет екенін хабарлайды, – деп жазылған қаулыда.

Бұл қаулыны 28 ел өкілі қолдады. Ал 12 ел қарсы болды, қалған жеті ел бейтарап қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама