×

Астанада стихиялық орындардан 45 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды

Заң бұзушылар бейнебақылау камераларының көмегімен анықталады

 Динара Амантай 12.07.2023 | 17:35
Фото: Астана қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Елорданың 5 ауданында жыл басынан бері қаланың коммуналдық қызметінің күшімен 45 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Жұмыс жүйелі түрде жүріп жатыр, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Күн сайын рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмысына 100-ден аса арнайы техника жұмылдырылды. Жыл басынан бері қалада 70-тен аса рұқсат етілмеген полигон анықталды. Олардың барлығы дерлік жойылды.

Сәуір айының басынан бастап бүгінге дейін Алматы ауданынан 6 мың 800 тоннадан аса (963 рейс) қоқыс шығарылды. Сондай-ақ рұқсат етілмеген қоқыс орындары бойынша 9 учаскеден  «Қазақстан Ғарыш Сапарының» ғарыштық суреттері (39 орын) ұсынылды. Қазір 32 орын жойылды.

Нұра ауданында рұқсат етілмеген полигондардың 21 орны анықталды. Жаңа аппарат құруды және заң нормаларына сәйкес конкурстық рәсімдер өткізуді ескере отырып, сәуірден шілдеге дейін 8 орын жойылды. Осы орындардан шамамен 4 мың 350 тонна құрылыс қоқысы шығарылды.

Мұндай стихиялық полигондарды болдырмау үшін аудан әкімдігі полигондарға жақын аумақтарда бейнебақылау камераларын орнатады. Осы уақыт ішінде Байқоңыр ауданынан 1 мың 500 тоннадан аса қоқыс шығарылды. Аудан аумағында 3 заңсыз орын жойылып, екеуі бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Экологиялық айлықты және коммуналдық сенбіліктерді ескере отырып, Есіл ауданынан 17 мың 500 тоннадан аса қоқыс шығарылды.

«Нұрлы жол» вокзалына қарай Ұлы Дала даңғылындағы қоқыстарды жою жұмысы (80%) жүргізіліп жатыр. «Жетісу» ТК ауданында – 30%, «Заречный» ТК ауданында, «Бақыт Премиум» ТК ауданында – 100%, Пригородный елді мекенінде – 100%, Қабанбай батыр даңғылынан әуежайға қарай – 100%, «Талисман» ТК ауданында – 100% пысықталды.

Осы жылдың басынан бастап Сарыарқа ауданында 17 рұқсат етілмеген полигон анықталды.

Күн сайын экологиялық полициямен бірлесіп мониторинг жүргізіледі.

Сонымен қатар, бұл мәселеде тұрғындар, әлеуметтік желілердегі сұраныстар мен «Ғарыш Сапарының» суреттері септігін тигізеді. Заң бұзушылар арнайы орнатылған бейнебақылау камераларының көмегімен анықталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама