×

XX ғасырдың әйгілі жазушысы Милан Кундера қайтыс болды

Ол қайтыс болғанға дейін Францияда өмір сүрді

 Ая Өміртай 12.07.2023 | 16:44
Фото: bbc.com

20 ғасырдың әйгілі жазушыларының бірі, чех текті француз жазушысы Милан Кундера 95 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Моравия мемлекеттік кітапханасы хабарлағандай, жазушы 11 шілде күні қайтыс болған. 

Ұзақ жылдар бойы оған Нобель сыйлығы уәде етілгенімен, қалың оқырман жүрегінен жол тапқан қаламгердің кітаптары әлемнің ондаған тіліне аударылды. 

Ол – Владимир Набоков, Умберто Эко, Хорхе Луис Борхес сынды өткен ғасырда әдеби марапатсыз қалған зиялы жазушылардың бірі. 

Милан Кундера 1929 жылы Чехияның Брно қаласында әйгілі композитор Леос Яначектің шәкірті, музыкатанушы Людвик Кундераның отбасында дүниеге келген.

Кундера фортепианода ойнауды үйреніп, жас кезінде Аполлинердің өлеңдеріне әндер циклін жазды. Осы себепті де оның әдеби шығармаларында музыка маңызды орын алды.

Кундераның «Әзіл» (1967) атты алғашқы романында халық музыкасы кейіпкерге өткенді ұмытуға мүмкіндік береді.

Бұл Чехияда жарық көрген Кундераның жалғыз романы, оның өзінде француз коммунист ақыны Луи Арагонның қолдауының арқасында ғана басылып шыққан. Арагон «Әзіл» романын 20 ғасырдың ең жақсы романдарының бірі деп санайды.

Кундера коммунизмнің күйреуін төрт еуропалық шытырман оқиғаның күйреуі ретінде көрсетеді.

Кундера кеңестік басқыншылыққа қарсы наразылықтарға жиі қатысты. Осынысы үшін қаламгер кітабын шығарудан ғана емес, сонымен қатар сабақ беру мүмкіндігінен де айырылды. Ол елден кетіп, 1975 жылдан қайтыс болғанға дейін Францияда өмір сүрді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама