×

«Астана» УЕФА чемпиондар лигасына қайта оралды

Бүгін «Астана» - «Динамо» (Тбилиси) арасындағы маңызды матч өтеді

 Халық үні 12.07.2023 | 12:34
фото: Olimpbet

12 шілдеде Қазақстанның ең мықты клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Тбилисидің «Динамосына» қарсы халықаралық маусымды бастайды. «Астана Аренада» ойын-сауық бағдарламасы мен сыйлықтарға толы үлкен матч болады!

«Астана» - «Динамо» (Тбилиси). 12 шілде, 20:00 (Астана уақыты бойынша)

Араға екі жыл уақыт салып «Астана» УЕФА чемпиондар лигасына қайта оралды! Осыған орай елорда стадионында ауқымды матч өтеді.

Сағат 18:00-де қонақтар ойын алаңы мен әртістердің қойылымдары бар ойын-сауық бағдарламасын тамашалайды. Ең белсенді көрермендерге жүлделерді ұтып алуға кепілдік беріледі. Жүлделердің қатарында смартфондар, скутерлер және велосипедтер бар. Ал 20:00-де матч басталады.

Елордалық команда бірден салмақты қарсыласпен – Грузияның 18 дүркін чемпионы, Тбилисидің «Динамосымен» шығады. Бұл команда КСРО чемпионатында екі рет алтын медаль жеңіп алса, 1981 жылы УЕФА кубогының иегері атанды.

Дегенмен, соңғы жылдары «Динамо» еуропалық аренада айтарлықтай жетістікке жете алмады және «Астанадан» айырмашылығы – ешқашан УЕФА чемпиондар лигасының топтық кезеңіне қатыспаған. Қазір бұл құрама жергілікті жас футболшылардан құралған, шағын құраммен қатар аса танымал емес легионерлер бар.

2014/15 жылдардағы маусымда «Динамо» чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбемен» күш сынасып, екі кездесуде де (0:1 және 0:3) жеңіліп қалды. Грузия астанасының клубы еуропалық додаларда біздің басқа командалармен жолы түйіскен жоқ.

Olimpbet сарапшылары Қазақстан командасын бұл жолы да айқын фаворит санайды. «Астана Аренада» өтетін бірінші матчта ғана емес (Р1 – 1,76, Х – 3,55, П2 – 4,56), екі раундтық текетірестің қорытындысы бойынша да (Астананың пасы – 1,63, Тбилиси «Динамосының» пасы - 2.21) осындай пайымда.

Айтпақшы, еліміздің ең сенімді букмекерлік кеңсесі қазақстандық футбол жанкүйерлері үшін жаңа да керемет акция дайындады. Dream Race-те автокөліктерді, ақшалай сыйлықтарды және премиум көліктерді ұтып алуға мүмкіндік бар. Біздің клубтарға қолдау көрсетіңіз, Olimpbet-те бұл патриоттықты ғана білдірмейді, сонымен қатар тиімділігімен де пайдалы.

Барлық қызықты спорттық іс-шараларға арналған жаңалықтар Olimpbet қосымшасында. Оны смартфонға орнатыңыз және таңдаулыларыңызға одан да жақын болыңыз. Жауапты ойындарды есте сақтаңыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама