×

Швециядан түркі халықтарына тиесілі 800-ден астам көне қолжазба табылды

Оларды кезінде швед миссионерлері сатып алған екен

 Дастан Жұмабекұлы 12.07.2023 | 10:00
Фото: ашық дереккөз

Өзбекстан Республикасы мемлекеттік әлем тілдері университетінің профессоры Гүлноза Халлиева бастаған делегация Швецияға сапары барысында Уппсала және Лунд университеттерінің кітапханаларында түркі халықтарына қатысты 858 (егер көшірмелерін ескерсек, 500-ден астам, – ред.) тарихи қолжазбаның бар екенін анықтады.

Олардың ішінде Әлішер Науаи, Бабыр, Физули, Суфиы Аллояр, Машраб сынды белгілі ақындардан басқа, әлі күнге дейін халыққа беймәлім ақын-аудармашылардың қолжазбалары бар. Әлішер Науаидың 25 қолжазбасы сақталған.

Бұл қолжазбаларды швед миссионерлері XIX-XX ғасырда жинап, сатып алып, кейін Лунд және Уппсала университеттерінің кітапханаларына сыйға тартқан.

Өзбекстанның Швециядағы елшілігінде өзбек ғалымы Гүлноза Халлиева бастаған ғалымдар тобы 800-ден астам бірегей қолжазбаны топтап, толық тізімі мен сипаттамасын жасап, оларды пайдалануға жарамды етіп, мүмкіндік болса, Өзбекстанға қайтаруды көздеп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама