×

Депутат Ермұрат Бапи ауруханаға түсіп қалды

Депутат барлық жоспарын кейінге қалдырған

 Халық үні 12.07.2023 | 08:52
ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл ақпаратты депутат Massaget.kz тілшісіне растады. Редакция тілшілері Парламент каникулға кеткеннен кейін Ермұрат Бәпидің сайлаушылармен кездесу барысы туралы сұрауды жөн көріп, хабарласқан болатын. Алайда депутат мертігіп қалғанына байланысты барлық жоспарын кейінге қалдырған.   

«Жамбасты мертіктіріп алдым. Ауруханадан үйге шықтым. Барлық жоспар кейінге сырғыды. Биылғы жазғы демалыс аурухананың төңірегінде өтетін болды. Тек тамыз айында сайлаушыларыма жете алсам, соның өзі мен үшін үлкен олжа болмақ», - дейді депутат. 

Еске салайық, 30 маусымда Қазақстан Парламенті депутаттары каникулға кеткен болатын. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама