×

Ақтөбе облысында құрғақ шөп жанып, саяжайдағы 10 үй өртеніп кетті

Саяжай аумағында 59 үй бар

 Халық үні 12.07.2023 | 08:41
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Ақтөбе облысы Алға қаласында құрғақ шөп жанып, саяжай аумағына тарап кетті. Барлығы 10 үй өртенді. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеше сағат 14:15-те Алға қаласындағы бау-бақша қоғамдастығының аумағында құрғақ шөп тұтанды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалын саяжай үйлеріне тарап жатқанын анықтаған.

«Саяжай аумағында 59 үй бар. Оның 10-ы өртенді. Бұл үйлерде адам тұрмайды, тек бау-бақша дақылдары егіледі. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 26 адам және 5 техника жіберілді. Ал жергілікті атқарушы органдардан 10 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 16:30-да ауыздықталды. Қазіргі кезде оттың шығу себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама