×

БҚО-дағы өртті мыңнан аса адам сөндіріп жатыр

Өңірде 18 мың гектарға жуық жер өртенді

 Динара Амантай 11.07.2023 | 14:32
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бір тәулік ішінде Батыс Қазақстан облысында 40-қа жуық құрғақ шөптің жануы тіркелген. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың жедел әрекеттері мен уақтылы қабылданған шараларының арқасында 35 жану ошағы жойылған. Бүгінде сөндіру жұмыстары Сырым, Тасқала және Казталов аудандарындағы қалған учаскелерде жүргізіліп жатыр. ТЖД дағдарыс орталығында жедел штаб ашылды. Оның құрамында барлық коммуналдық қызметтер бар.

Теректі ауданының Айтиево кентінде жану жойылды. Өрттің алаңы – 50 гектар. Елді мекенге қауіп жоқ. Эвакуацияланған ауылдың 44 тұрғыны өз үйлеріне оралды. Өртті сөндіруге БҚО ТЖД, ЕӨСБ, «Қазавтотревел», орман шаруашылығы, ЖАО-дан 220-ға жуық адам, 40-тан аса техника мен күштері жұмылдырылды.

Теректі ауданының Новопавловка кентінде өрт жойылды. Жану алаңы – 25 гектар. Өрттің орман алқабына өту қаупі жойылды. Бұл жерде 50-ге жуық адам мен ТЖД, ЕӨСБ, ЖАО және Қазавтотревелдің 16 техникасы жұмыс істеді.

Теректі ауданы Жаңа өмір кентінің маңындағы өрт те жойылды. Жану алаңы – 17 гектар. ТЖД, ЕӨСБ, орман шаруашылығы және ЖАО жеке құрамының 35-ке жуық адамы мен 10 техникасы жұмылдырылды. Қосымша құрылыс және автожол басқармасының 2 су тасығышы тартылды.

Казталов ауданының Болашақ ауылындағы табиғи өрт жойылды. Алдын ала жану алаңы – 4 мың 800 гектар. ТЖД, ЕӨСБ, МӨҚҚ, ЖАО күштері мен құралдарының 100-ге жуық адамы және 20-дан аса техникасы жұмыс істеді.

Бөрлі ауданының Ақбұлақ кентінде құрғақ шөптің жануы жойылды. Өрттің алаңы – 40 гектар. ТЖД, ЖАО, ЕӨСБ, Ақсу кентінің «БСП» ЖШС МЕӨҚҚ, «Өрт сөндіруші» ЖШС МЕӨҚҚ, орман шаруашылығының барлығы 70 адамы және 15-тен аса техникасы жұмылдырылды.

Сырым ауданының Тоғанас кентінде құрғақ шөп жанды. Шамамен жану ауданы – 7 мың гектар. Елді мекенге қауіп жоқ. Жергілікті жерде БҚО, Ақтөбе облысының ТЖД, «Орал Өрт сөндіруші» МЕӨҚҚ-дан 250-ге жуық адам және 60-тан аса техника жұмыс істеді.

Ақжайық ауданының Первомай ауылдық округінде құрғақ шөп өртенді. Жанудың алдын ала ауданы – 6 мың 700 гектар. Өртті сөндіруге ТЖД, МЕӨҚҚ Батыссервислюс, ЕӨСБ, ЖАО жеке құрамның 220-ға жуық адамы және 40-тан аса техникасы жұмылдырылды.

Облыс бойынша барлығы 1 мыңға жуық жеке құрам және 200-ден аса техника жұмылдырылды.

Бүгінде облыста ауа температурасы +35-39 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама