×

Павлодар облысында әйелді өрмекші шағып алды

Науқастың тыныс алуы қиындаған

 Дәурен Ерболат 11.07.2023 | 12:25
Фото: wildticketasia.com

Баянауыл ауданының тұрғынын өрмекші шағып алды, деп хабарлады Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы.

39 жастағы әйел Торайғыр көліне демалуға барған. Онда тұрғынды өрмекші шағып алған. Содан кейін әйелдің тыныс алуы қиындаған.

Ол Баянауыл аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне барған. Науқас кеудесін ауырсынғанын айтып шағымданған.

Науқасқа клиникалық диагноз қойылды: улы емес жәндіктер мен басқа буынаяқтылардың шағуы, – деп жазылған хабарламада.

Дәрігерлер әйелді қарап, оны амбулаторлық емдеуге жіберді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама