×

Қостанай облысында 3 адам суға батып кетті

Мамандар суда қауіпсіздік ережесін сақтауға кеңес береді

 Дәурен Ерболат 11.07.2023 | 09:39
Фото: gubdaily.ru

Қостанай облысында демалыс күндері 3 адам суға батып кетті, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алайда осыған қарамастан кейбір азаматтар кеңеске құлақ аспайды. Тек 6-8 шілде аралығындағы демалыс күндері 3 адам суға батып кетті, - деп жазылған хабарламада.

6 шілдеде кешкісін Бейімбет Майлин ауданы «Параллель» турбазасындағы Қаратомар су қоймасында ішімдік ішіп, суға шомылған 1968 жылғы ер адам суға батқан.

Тағы бір қайғылы оқиға осы ауданда 7 шілдеде түстен кейін болды. «Алтын балық» демалыс базасындағы Айят өзенінде 1987 жылғы ер адам рұқсат етілген жерде шомылып жүрген. Бірақ ол шектеу белгілері қойылған жерден тыс шығып, суға батып кетті.

8 шілдеде Тобыл өзенінде шомылуға тыйым салынған жерде (Тобыл қаласынан 2 шақырым) 2000 жылғы азамат суға батып кетті. Жас жігіт достарымен Гагарин бөгетінде демалып жүрген.

ТЖМ қызметкерлері аптап ыстықта тұрғындардан суға шомылғанда қауіпсіздік ережесін сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және оларды өз бетінше шомылуға жібермеуге кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама