×

Батыс Қазақстандағы өрт Сырым ауданындағы елді мекенге жақындап қалды

Өрттің алдын ала ауданы - 1500 га

 Халық үні 10.07.2023 | 23:47
фото: ТЖМ

Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер БҚО Сырым ауданындағы елді мекенге өрттің таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда, деп хабарлайды ТЖМ. 

Сырым ауданындағы Тоғанас ауылынан 4 шақырым жерде құрғақ шөптің жануы орын алды. Өрттің алдын ала ауданы - 1500 га, ауыл жақтан жер жырту жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады ТЖМ-нан.

Өртті сөндіруге ТЖД, «Орал Өрт сөндіруші» МӨҚҚ, ЕӨСҚ 40 адам мен 10-нан астам техника қатысуда.

Жедел шаралар қабылдау мақсатында Орал қаласынан 40-қа жуық жеке құрам мен ТЖД-ның 5 техникасы қосымша жолға шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама