×

Қазақстан Қытайға жүк тасымалын арттыруға ниетті

ТХКБ-ны дамыту келісімі әзірленді

 Дәурен Ерболат 10.07.2023 | 15:11
Фото: ИИДМ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Цун Лянмен кездесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қытай тарапының Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалын субсидиялау, қос мемлекет арасында үшінші трансшекаралық темір жол жобасын іске асыру, сондай-ақ 52 өнеркәсіп жобасына байланысты өзара тиімді индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық тетігінің 20-отырысын өткізу мәселесі қаралды.

Қазақстан делегациясының құрамында министр Марат Қарабаевтан басқа, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан, Көлік комитетінің төрағасы Алтай Әли, Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаментінің директоры Нұрлан Кеңесов, сондай-ақ Kazakh Invest ҰК АҚ басшылығы болды.

Қазір біз Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту туралы келісімді әзірледік. Ол жақын арада Қытай тарапына мақұлдау үшін жіберіледі. Сондай-ақ халықаралық сауданы дамыту үшін біз Қытай – Еуропа – Қытай маршруты бойынша жүк тасымалын одан әрі субсидиялау мүмкіндігін анықтағымыз келеді. 2022 жылы жүк тасымалы көлемінің 2 есе ұлғаюы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сианьға сапары кезінде айтқан маршруттың болашағын растайды.

Осы бағыттың маңызын және оның халықаралық сауданы дамытудағы рөлін ескеріп, біз Қытаймен ынтымақтастықты нығайтамыз деген үміттемін», - деді министр.

Сонымен қатар тараптар биыл қаңтар-мамырда ТХКБ бағытында жүктердің экспорты 2,2 есе өскенін атап өтті. Мұнай өнімдерінің экспорты 17 есе, асбест 4 есе және астық 2 есе артқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама