×

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Қазақ-өзбек қарым-қатынасы одан әрі нығаяды

 Динара Амантай 10.07.2023 | 12:38
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының президенті сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы дауыс беру қорытындысы елді орнықты дамытуға, оның тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталған Өзбекстан президенті ұстанымының жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын айқын көрсететінін атап өтті.

Әңгімелесу барысында президент қазақ-өзбек қатынастарын стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыру мәселелері жөнінде пікір алмасып, алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама