×

МАЭК-те істен шыққан энергоблок жөнделді

Жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілген

 Дәурен Ерболат 10.07.2023 | 09:46
Фото: maek.kz

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының (МАЭК) бірінші блогын жөндеу жұмысы аяқталды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

9 шілдеде таңғы сағат 04:11-де блок іске қосылды. Алайда түстен кейін сағат 15:25-те оның қуаты 150 МВт-қа дейін көтерілді.

Қазір комбинаттың жалпы генерациясы – 565 Мвт. «МАЭК» ЖШС Атырау өңіріне 36 МВт қуат беріп, Маңғыстау облысын электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 3 шілдеде «МАЭК» ЖШС жылу электр станциясындағы қазандыққа келіп тұрған тоқтың күрт артуына байланысты бірінші энергоблоктың жұмысын тоқтатуға тура келген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама