×

Алматыдан 266 шақырым жерде 4,8 балдық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің тереңдігі 10 шақырым деп белгіленді

 Халық үні 09.07.2023 | 21:47
ашық дереккөзден

9 шілдеде сейсмологтар Алматыдан 266 шақырым жерде магнитудасы 4,8 балл болатын жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.

Жер сілкінісі 9 шілде күні күндіз Алматы уақытымен 14:54-те тіркелген. Зілзаланың ошағы Қытайда орналасқан.

Магнитудасы 4,8 балды құрады. Жер сілкінісінің тереңдігі 10 шақырым деп белгіленді. Сезілуі туралы ақпарат жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама