×

Өзбекстанда президент сайлауы басталды

Оған 65 жастағы мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев та қатысып жатыр

 Дәурен Ерболат 09.07.2023 | 15:10
Фото: AP Photo / Anvar Ilyasov

Өзбекстанда президент сайлауы басталды, деп хабарлады РИА Новости.

Бұл – Конституцияға түзетулер енгізілгеннен кейінгі алғашқы сайлау. Түзетулер нәтижесінде елде президенттің өкілеттілігі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылды.

Жаңа Конституцияға сәйкес қазіргі президент Шавкат Мирзиёев тағы екі рет сайлауға қатыса алады.

Егер ол осы жолы жеңіске жетсе, 2030 жылы сайлауға түсуге құқығы бар.

Сарапшылар 65 жастағы Шавкат Мирзиёевті фаворит деп санап отыр. Ол ЖІӨ-ні екі есеге арттыруға, білім беруді, медициналық қызметтерді және су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға, Орталық Азиядағы ынтымақтастықты күшейтуге, сондай-ақ 2030 жылға дейін Өзбекстан әскерін ең заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз етемін деп уәде беріп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама