×

БҚО-да жас жігіт суға батып кетті

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр

 Халық үні 09.07.2023 | 08:47
фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында тағы бір жас жігіт суға кетті, деп хабарлайды БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі. 

Ведомство мәліметінше, оқиға 8 шілде күні Бәйтерек ауданы Жайық ауылында болды.

Сағат 19.50-де «Орыс моншалары» кешені ауданында құтқарушылар «Карьер» жасанды су қоймасынан 28 жастағы тұрғынның денесін алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша марқұм мас күйінде шомылуға тыйым салынған жерден түсіп, сағат 18.45-те батып кеткен. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады, делінген хабарламада.

Бұл – соңғы күндері Бәйтерек ауданында болған екінші оқиға. Осыған дейін 5 шілде күні Асан ауылында 21 жастағы жігіт «тілсіз жаудың» құрбаны болды.

БҚО ТЖ департаменті 9 шілдеде күннің 42 градусқа дейін ыситыны жөнінде ескерту жариялады. Өңірде өрт қаупі де күшейіп тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама