×

«Ер адамдарға сатамыз»: Алматыда тағы бір қыз соққыға жығылды (ВИДЕО)

Қазір Алмалы аудандық полиция бөлімінде тергеу жүргізіліп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 08.07.2023 | 19:23
фото: видеодан скриншот

NeMolchiKZ қорының Тelegram-арнасы Алматыда белгісіз қыздың соққыға жығылғаны түсірілген видеоны жариялады.

Біздің қорғалушы осы видеодан өзіне қол көтергендерді таныды. Оны да осылай аяусыз соққыға жыққан. Бойжеткеннің айтуынша, қыздар оны ұрып-соғып, ер адамдарға сатамыз деп қорқытқан. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жәбірленушінің талабымен іс мұрағатқа жіберілген, - делінген жазбада.

Бұл видеоға қатысты Алматы қаласының ПД өкілдері де пікір білдірді. Айтуларынша, осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір Алмалы аудандық полиция бөлімінде тергеу жүргізіліп жатыр екен.

Қазір іс жүргізу аясында кешенділік, толықтық және объективтілік қағидаттары қатаң сақтала отырып, қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы қалалық ПД басқарма басшылығының бақылауында, - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама