×

«Әблязовтың Франциядан кетуге хақысы жоқ»: БТА Банк түсінік берді

Банк оны ел аумағынан 30 күн мерзімде кетуге міндеттейтін құжатты алған еді

 Еркеғали Болатұлы 08.07.2023 | 09:35
фото: eureporter.co

БТА Банк Мұхтар Әблязовтың Франциядан кетуге міндеттелгені туралы хабарламаға түсінік берді.

Банк шынымен Мұхтар Әблязовтың баспана құқығы жөніндегі Ұлттық соттың босқын мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдауы салдарынан оны Франция аумағынан 30 күн мерзімде кетуге міндеттейтін құжатты алған.

Соған қарамастан бұл нұсқаманы орындау мүмкін емес. Өйткені тергеу судьясы Әблязовқа қатысты оған елден кетуге тыйым салатын сот бақылауы шарасын қабылдады, – деп атап өтті банктен.

Айта кетсек, 23 мамырда Францияның кассациялық соты Әблязовқа қатысты қылмыстық істе қудалау мерзімі аяқталмады деп шешкен еді.

«Осы шешімнің нәтижесінде іс тергеу судьясына Әблязовтың БТА Банкке қатысты жасаған алаяқтық және ақша жымқыру фактілері бойынша тергеуді жалғастыру үшін қайтарылды. Осылайша, ол Францияда әлі де тергеуде және бұл елден кетуге хақысы жоқ», – деп түсіндірді компания.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама