×

БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тауып, бесеуі ауруханаға жеткізілді

Жантүршігерлік жол апатының мән-жайы анықталып жатыр

 Халық үні 08.07.2023 | 06:26
Фото: alatauaraiy.kz

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 2 адам қаза тауып, бесеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. 

Оқиға 7 шілде күні Бәйтерек ауданы аумағында болған.

«Сағат шамамен 16.00-ге таман Орал-Атырау жолының 59-шақырымында «Toyota Camry» және «Volkswagen Polo» автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Toyota Camry» автокөлігінің 1987 жылғы жүргізушісі мен екінші көлікте отырған 1967 жылғы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы 5 адам ауруханаға жеткізілсе, соның екеуі – балалар. Жантүршігерлік жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. БҚО департаменті жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтау керектігін еске салады», – делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама