×

Лукашенко Назарбаевты бүгінгі туған күнімен құттықтады

Ол елдер арасындағы жылы және достық қарым-қатынасты еске алды

 Еркеғали Болатұлы 06.07.2023 | 15:15
фото: ашық дереккөз

Беларусь президенті сайтында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған құттықтау жарияланды.

Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевтың посткеңестік кеңістіктегі экономикалық байланыстарды сақтауға ұмтылғанын, сондықтан Еуразиялық экономикалық одақтың өлшем жобаларын белгілегенін атап өткен. Оның айтуынша, Қазақстанның бұрынғы басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру бастамашысы да болған.

Сіздің тікелей басшылығыңызбен Қазақстан дағдарыс кезеңдерін абыроймен еңсеріп, заманауи әлемдік тәртіпте берік орын алып, мойындалған беделге ие болды. Сіз еліңіздің халықаралық аренадағы имиджін қалыптастыруға көп күш жұмсадыңыз. Сіздің сіңірген еңбегіңіз – Қазақстан бүгінде өзінің индустриялық әлеуетін, азаматтық қоғам негіздерін, этникалық және діни келісімді сақтап қалған нарықтық экономикасы бар мемлекет болып қалады, - деген құттықтауда.

Сондай-ақ Александр Лукашенко елдер арасындағы жылы және достық қарым-қатынасты еске алды. Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, отбасы мен достары арасында өзара түсіністік пен қолдау тіледі.

Айта кетсек, бүгін Қазақстанның тұңғыш президенті 83 жасқа толып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама