×

Жалған ақша жасау дерегі жиіледі – ҚМА

Қазақстандықтар сақ болуға тиіс

 Дәурен Ерболат 05.07.2023 | 17:55
Фото: Halyq Uni

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған ақша жасау дерегі жиілеп кеткенін ескертті, деп хабарлады ҚМА.

Қостанай облысында бір топ адам жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан. Тінту барысында олардан жалпы 28 100 мың жалған доллар тәркіленді.

Астанада жалған ақша жасаған үш адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды Олардан 54 850 жалған доллар табылды.

Жалған ақша міндетті түрде жойылады.

Агенттік жалған ақша туралы деректер болса, +7 (7172) 70-09-51 сенім телефонына хабарласуды сұрайды.

Сондай-ақ жалған банкноттарды табу қылмыс болып саналмайтыннын, бірақ жалған ақшаны сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама