×

Астана автопаркі 90-ға жуық автобуспен толықты (ВИДЕО)

Осы айда тағы 40 шақты қоғамдық көлік жеткізіледі

 Дастан Жұмабекұлы 05.07.2023 | 13:59
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қаланың автопарктеріне жаңа автобустардың жеткізілгенін айтты.

Қаламызға 90-ға жуық жаңа автобус жеткізілді. Осы айда тағы 40-қа жуық автобустың жеткізілуін күтіп отырмыз. Оның жартысы – электр автобустары, – деді ол.

Оның айтуынша, жаңа автобустар интеллектуалды бақылау жүйесімен, пандустармен және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арнайы орындармен жабдықталған.

Жалпы, биыл автобус паркін 400 автобусқа арттыруды жоспарлап отырмыз. Мәселен күн сайын желіге орта есеппен 900 автобус шығады. Осылайша, қаладағы қоғамдық көлікті көбейтіп, жаңа маршруттар жасалатын болады. Аялдамада автобусты күту уақыты қысқарады. Енді ескі автобустар кезең-кезеңімен ауыстырылатын болады, – деді әкім.

Автобустардың бір бөлігі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қоғамдық көлікті жеңілдетілген лизингтік қаржыландыру бағдарламасы бойынша, сол сияқты жеке автопарктердің қаражаты есебінен сатып алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама