×

Шымкент тұрғыны бағдаршамның қызыл түсінде тұрып есірткі иіскеген

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 05.07.2023 | 10:25
Фото: polisia.kz

Бағдаршамның қызыл түсінде тұрып есірткі шеккен шымкенттік бейнежазбаға түсіп қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Toyota Camry көлігінің алдыңғы орындығында отырған жас жігіт бағдаршамға тоқтап, қағаз ақшаны түтікке домалатып, мұрнымен ұнтақ тәрізді затты иіскеген. ЖБО-ның кезекшілері бұл туралы дереу патрульдік полицияның жақын маңдағы экипажына хабарлады. Тәртіп сақшылары көлікті Назарбеков көшесінің бойында 4 минут ішінде ұстады.

Тексеру барысында көліктен марихуана салынған қағаз бума және мефедрон салынған 2 полиэтилен пакеті табылды.

ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 24 жастағы күдіктіге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама