×

Бибісара Асаубаеваның суреті бейнеленген пошта маркасы шықты

Ол – шахмат тарихындағы блицтан ең жас әлем чемпионы

 Дастан Жұмабекұлы 04.07.2023 | 17:45
Фото: Halyq Uni

Шахматтан әйелдер арасында гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер, шахмат тарихындағы блицтан ең жас әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваның суреті бейнеленген пошта маркасы шықты.

«Қазпошта» АҚ-тың хабарлауынша, акционерлік қоғам «Қазақстан чемпиондары» тақырыбында «Спорт» сериясымен пошта маркасын шығарған. Пошта маркаларында шахматшы Бибісара Асаубаева мен теннисші Елена Рыбакина бейнеленген.

Бибісара Асаубаева – әйелдер арасында гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер. Ол – шахмат тарихындағы блицтан ең жас әлем чемпионы. Рапидтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

Елена Рыбакина – теннисші, Уимблдон-2022 жекелей сынында Үлкен дулыға жеңімпазы, WTA жекелей сынында бес турнирдің жеңімпазы; 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер командалық біріншілігінде Еуропа чемпионы.

Марка офсеттік мөрмен басып шығарылған, 4 бояумен боялған, перфорация – рамалық. Шығарылым формасы – екі маркалы пошта блогы. Блоктың мөлшері – 120х48 мм. Марка мөлшері – 52х29,6 мм. Номиналы – 600 теңгеден. Таралымы – 10 000 блок. Дизайнын І.Оңғарбай жасаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама