×

Алматыда кеңсе ұрылары ұсталды

Олар соңғы ұрлықты Достық даңғылындағы кеңседе жасаған

 Дастан Жұмабекұлы 04.07.2023 | 13:46
Фото: Polisia.kz

Алматы қаласында кеңседегі заттарды ұрлаумен айналысқан топ ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, күдіктелір түнде қаланы аралап, кеңселерде ұрлық жасап жүрген. Ұрлықпен 3 адам айналысқан. Олар соңғы ұрлықты Достық даңғылындағы кеңседе жасаған. Сол жерден кеңсе техникасын ұрлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Олар ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілер – 38-39 жаста. Олар басқа жақтан келіп, ұрлық жасаған. Қазір «гастролерлердің» басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғын тексеріп жатырмыз. Ұрлық ісі ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергелуде, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқықбұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама