×

Шығыс Қазақстанның таулы аймағында орман өртенді

Өрттің алдын ала ауданы – шамамен 6 гектар

 Динара Амантай 04.07.2023 | 13:37
Фото: dela.ru

Шығыс Қазақстанның таулы аймағында орман өртенді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше Ұлан ауданындағы Асубұлақ орман шаруашылығының аумағында таулы, қол жетпейтін жерлерде құрғақ шөптер мен бұталар өртенген. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Өртті сөндіру жердің таулы, жартасты болуына байланысты қиынға соғып жатыр.

МИ-2 және МИ-8 тікұшақтарымен орманшылар мен өрт сөндірушілер жасақтары жану орнына жеткізілді.

Өртті сөндіруге ШҚО әуе бөлімшесі мен «Қазавиақұтқару» АҚ су ағызатын құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылып, 13 рет су төгілді. Өрттің алдын ала ауданы – шамамен 6 гектар. Оны сөндіруге орманшылардан, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардан 180-ге жуық адам, 23 техника, Шығыс Қазақстан облысы әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы, «Қазавиақұтқару» АҚ-ның 2 тікұшағы жұмылдырылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында таулы аймақтың өртенгенін хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама