×

Оралда төрт жасөспірім жалдамалы пәтерде 13 жасар қызды зорлаған

Жасөспірімдер бұрын қылмыс жасағаны үшін есепте тұрған

 Халық үні 03.07.2023 | 21:43
ашық дереккөзден

Орал қаласында төрт жасөспірім 13 жасар қызды зорлаған, деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 12 маусымға қараған түні болған.

«Шамамен сағат 01.00-де 2006 және 2007 жылы туған төрт жасөспірім Орал қаласында жалға алған пәтерде 13 жасар қызды зорлаған. Жасөспірімдер бұрын қылмыс жасағаны үшін есепте тұрған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігіне (зорлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама