×

Ақтаудағы тасаттық үшін Мұхаммед Пайғамбардың шашын арнайы алдыртқан

Шымкент тұрғынына оны өзбекстандық ислам ғұламалары сыйға тартқан

 Ербол Тұрымбет 27.04.2022 | 20:19
фото: Lada.kz

24 сәуірде Ақтау қаласындағы ашық аспан астындағы амфитеатрда маңғыстаулық 2 мыңнан астам адам жиналып, тасаттық жасады. Теңіз жағасына жиналған жамағат Құдайдан жаңбыр тілеп, намаз оқыды.

Тасаттық беруге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстаудағы өкіл имамы, облыстық «Бекет ата» мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов бастамашы болған. Оған жергілікті шарулар мен қожалық иелері өтініш айтқан.

Былтыр Маңғыстау өңірінде қуаңшылықтан жерде от болмай, мыңдаған мал басы қырылған еді. Аймақ тұрғындары биыл да жауын-шашынның аздығынан қуаңшылық бола ма деп уайымдайды.

Теңіз жағасында жасалған тасаттыққа Шымкент қаласынан арнайы құтыға салынған Мұхаммед Пайғамбардың шашын алдыртқан екен. «Бекет ата» мешітінің бас имамы Әнуар Елжановтың айтуынша, тасаттық жасалған күннің ертеден жеткен жәдігерді иесіне қайтарып берген.

Күллі мұсылман қауымы құрмет тұтатын құнды жәдігер жеке адамның қолында. Шымкент тұрғынына оны өзбекстандық ислам ғұламалары сыйға тартқан, - дейді Әнуар Елжанов.

Былтыр қараша айында елордада өткен Қазақ шаруаларының І құрылтайында Маңғыстау облысында төтенше жағдай жариялау мәселесі қайта көтерілген еді. Шығынға батқан шаруалар 1207 мал басы қырылғаны жайлы ресми деректі жоққа шығарып, шын мәнінде көрсеткіш одан анағұрлым жоғары екенін айтқан.

Сол кезде аймақта жем бағасы 90-110 теңгеге дейін шарықтады. Өңірдегі шаруаларды жем-шөппен қамтамасыз ету үшін үкімет резервінен 1,9 млрд тенге бөлінді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама