×

Францияда футболшы әйелдерге хиджаб киюге рұқсат берілмеді

Енді орамалға қатаң тыйым салынады

 Дастан Жұмабекұлы 03.07.2023 | 14:07
фото: ашық дереккөз

Францияның жоғарғы әкімшілік соты – Мемлекеттік кеңес Ислам дінін ұстанатын футболшы қыздар мен әйелдерге хиджаб киюге тыйым салуды қолдады.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Франция футбол федерациясы (FFF) ойыншыларға ресми матчтарда, сондай-ақ өзі ұйымдастыратын жарыстарда хиджаб пен басқа да діни киімдерді киюге тыйым салады. Дегенмен бір топ футболшы бұл тыйымға қарсы шыққысы келіп отыр екен.

Сот хиджабқа тыйым салуды қолдап, спорт федерацияларының жарыс кезінде ойыншылардан орамал тақпауды талап етуі керек деген шешім шығарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама