×

Астанада жас кәсіпкерлерді қолдау үшін шағын несие беріліп жатыр

Микронесиені алу үшін кепілге мүлік қойылады

 Дастан Жұмабекұлы 03.07.2023 | 12:16
Фото: Halyq Uni

Астанада 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдау үшін шағын несие беріліп жатыр. Қала әкімдігінің хабарлауынша, өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауға тиіс.

Жас кәсіпкерлер 5 млн теңгеге дейін жылдық 2,5% номиналды сыйақы мөлшерлемесі бойынша 5 жылға дейін несие ала алады. Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған, – делінген хабарламада.

Микронесиені алу үшін кепілге мүлік қойылады. Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл мүлік болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-анасын, туыстарын және т.б. - ред.) тартуға құқығы бар.

Жастарға микронесие беру туралы шешімді конкурстық комиссия қабылдайды. Оны алуға өтініштер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Астана қаласындағы филиалында Астана қаласы, Тұран даңғылы, 19/1, «Эдем» БО мекен-жайында қабылданады (анықтама телефоны: 8-701-006-16-38, коллцентр: 5353).

Ақпаратпен АНК сайтынан танысуға болады: https://agrocredit.kz/kz/main/our-activities/mikrokreditovanie-molodezhi/.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама