×

Қостанай облысында ер адам 6 жасар баланы өлімнен құтқарды

Мамандар гараждан газ баллонын шығарып үлгерді

 Дәурен Ерболат 03.07.2023 | 09:45
Фото: instagram.com/qostanai_tjd

Тобыл қаласында ер адам 6 жасар баланы өлімнен құтқарды, деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Қалада жеке үйдің аумағында орналасқан гараж бен көлік өртенген.

Биыл 2 шілдеде сағат 16:10-да Тобылдағы 10-ӨСБ байланыс пультіне Дорожная көшесінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Ауданы 55 шаршы метр болатын аумақта үйге жапсарлас салынған гараж, шаруашылық құрылысының шатыры өртеніп жатқан. Өрттің тұрғын үйге таралу қаупі болды. Алайда өрт сөндірушілер жалынның бетін қайтарды. Олар үйден сыйымдылығы 27 литр болатын 1 газ баллонын алып шықты, - деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнына мамандар келгенге дейін сол маңнан өтіп бара жатқан көрші 2017 жылы туған баланы үйден шығарып алған.
Өрт кешкі 17:00 шамасында толық сөндірілді.

Жалын салдарынан ағаштан салынған гараж, оның ішіндегі жеңіл көлік, велосипед, үй заттары өртеніп кетті. Оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Өрт скутерді жөндеу барысында өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан шыққан. Оны сөндіруге ТЖД-ның 15 қызметкері мен 6 техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама