×

«Ей, мен в Аманате»: Ринат Зайытовтың сөзі қызу талқыға түсті

Көпшілік ақынға әзіл-шыны аралас видеодағы әні үшін дән риза болған

 Халық үні 03.07.2023 | 08:20
фото: Halyq Uni

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов белгілі әнге «AMANAT» партиясының атауын қосып, елді күлкіге қарқ қылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көпшілік ақынға әзіл-шыны аралас видеодағы әні үшін дән риза болған.

Ринат Зайытовты Мәжіліс отырысынан соң, тілшілер қаумалап, жібермей қойған. Сол сәтті пайдаланған ақын: «Ей, мен в Аманате, ей, сен в Аманате» деген танымал әнді орындап, елді күлкіге қалдырған.

Көпшілік трендтен қалмаған айтыскер ақынға шынайы ризашылықтарын білдіріп жатыр.

«Көңілім бір көтеріліп қалды ғой, жарайсыз», «Қатырыпты, жақсы жарасады», «Ринат мырза, айтыстағыдай нақты айтыпсыз», – деп жазды олар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама