×

Биылғы каникулда 9 балалар лагерінің жұмыс істеуіне рұқсат берілмеді

Қорытынды алуға тапсырылған тағы 4 өтініш қарастырылып жатыр

 Еркеғали Болатұлы 02.07.2023 | 12:06
фото: turkystan.kz

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жалпы республикамыз бойынша 160 балаларды сауықтыру ұйымына санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілді.

ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 160 балаларды сауықтыру ұйымы ішінде 157 лагерь жұмыс істейді.

Атап айтқанда,

  • Абай облысында – 12;
  • Ақмола облысында – 12;
  • Ақтөбе облысында – 8;
  • Алматы облысында – 14;
  • Атырау облысында – 2;
  • ШҚО-да – 12;
  • Жамбыл облысында – 11;
  • Жетісу облысында – 6;
  • БҚО-да – 13;
  • Қарағанды облысында – 10;
  • Қостанай облысында – 8;
  • Қызылорда облысында – 9;
  • Маңғыстау облысында – 3;
  • СҚО-да – 10;
  • Түркістан облысында – 17;
  • Павлодар облысында – 7;
  • Алматы қаласында – 2;
  • Шымкент қаласында – 1.

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін тапсырылған 4 өтініш (Ақмола облысы – 1, Қарағанды облысы – 1, СҚО – 2) қарастырылып жатыр. Ал 9 өтінішке қатысты (Ақмола облысы – 1, БҚО – 4, Түркістан облысы – 4) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден бас тартылды.

Олар:

  • Ақмола облысында «Самұрық» балаларды сауықтыру орталығы;
  • Батыс Қазақстан облысында Казталов ауданының «Ақкөл» балалар шығармашылығы және жаңа технологиялар орталығы» МКҚК жанындағы лагерь;
  • Казталов ауданының «Ақпәтер» балалар шығармашылығы және жаңа технологиялар орталығы» МКҚК жанындағы лагерь;
  • Казталов ауданының «Ақкөл» лагері;
  • «Атамекен» балаларды сауықтыру лагері» МКҚК;
  • Түркістан облысында «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» сауықтыру лагері;
  • «Ерке» сауықтыру лагері;
  • «Машат-Арасан» сауықтыру лагері;
  • «Алпамыс-М» өңірлік балалар оқу-сауықтыру орталығы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама