×

Абай облысындағы орман өрті: бірнеше лауазымды тұлға күдікті деп танылды

Семей орманы резерваты мен Жаңа Шүлбі филиалының басшылығы (бірнеше адам) күдікті деп танылып, үйқамаққа алынды

 Халық үні 01.07.2023 | 19:03
Фото: Halyq Uni

Бас прокуратура Абай облысындағы орман өрті бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.

Тергеу барысында Семей орманы резерваты мен Жаңа Шүлбі филиалының басшылығы (бірнеше адам) күдікті деп танылып, үйқамаққа алынды.

Алдағы уақытта Төтенше жағдайлар және Экология министрлігінің лауазымды тұлғаларының әрекетіне/әрекетсіздігіне құқықтық баға беріледі.

Айта кетейік, Абай облысындағы өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері мен бір тракторшы қаза тапты. 12 маусым Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама